Қазақстан өз аумағын санкцияларды айналып өтетін аймақ ретінде пайдалануға рұқсат бермейді. ҚР Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Мәжіліс кулуарында осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ресей Қазақстанға газ одағын құруды ұсынды. Басқа елдер бізді Ресейге санкцияларды айналып өтетін құрал болмай ма" - деп сұрады журналистер Мәжілістен кейін Сыртқы істер министрінің орынбасарынан.
"Оны талқылауға әлі ерте, өйткені бұл әлі идея ғана. Бірақ Қазақстан өз аумағын санкцияларды айналып өту үшін пайдалануға жол бермейді. Сонымен қатар біз өзіміз халықаралық мәселелерді шешу әдісі ретінде санкцияларды қолдамаймыз", - деді Роман Василенко.
Ол бұл идеяны мұқият зерделеу керек деп түсіндірді, өйткені дипломатияда "белгілі бір мемлекеттік шешім қабылданбай тұрып, мамандардың назарын аударуға тұрарлық" идеялар көп.
"Сондықтан Мемлекет басшысы айтқандай, бұл идеяны енді сарапшылар да, шешім қабылдамас бұрын өзі де зерттейтін болады", - деп сендірді Роман Василенко.