Қазақстан 2020 жылы 43 млрд доллардың тауарын экспортқа шығарды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2020 жылғы 11 айда сыртқы сауда айналымы 77,7 млрд долларды, оның ішінде экспорт 43,4 млрд долларды құрады. Әлемнің 117 еліне Қазақстан тауарларының 3 мыңнан астам дайын, өңделген түрлері экспортталды», - деді ол.
Министрдің айтуынша, импорт 34,4 млрд долларды құрады.
«Осылайша, 9 млрд доллар деңгейінде оң сауда теңгерімі қамтамасыз етілді»,- деді Руслан Дәленов.