07 шіл, 2022 сағат 15:30

Қазақстан осы айда экспорттан түсетін табысының 70%-ынан айырылады - сарапшы


Қазақстан мұнай-сервис компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов Қазақстан осы айда бюджетке салық түсімдерінің 50%-ын, экспорттан түсетін табысының 70%-ын жоғалтады деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

”Қазақстан осы айда бюджетке салық түсімдерінің 50%, экспорттан түсетін табысының 70%-ынан айырылады. Доллар мұнай-газ саласын қамтамасыз етеді. Егер бір ай ішінде ел бюджетіне шетелдік валюта құйылмаса, теңге одан әрі құнсызданады”, - дейді ол. 

Бүгін теңге құнсызданып, доллар бағамы 483 теңгеге жетті.