30 маусымда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Қазақстан атынан жиынға Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты, - деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
"Отырыс барысында елдердің мамыр айында келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.
Жиын соңында ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тамыз айына тәулігіне 0,648 млн. баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды" - делінген хабарламада.
Ал Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн. баррельді құрайды.