05 мам, 2022 сағат 20:03

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында тәулігіне 1,655 млн баррель мұнай өндірмек


Бүгін бейнеконференция форматында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы өтті, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты. 

Отырыс барысында наурыз айында келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 432 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

2022 жылғы маусымдағы міндеттемелер тәулігіне 1,655 млн баррельді құрайды.

Асыра орындалған көлемдерді өтеу кезеңі 2022 жылғы маусымның соңы болып қалады.