01 қыр, 2021 сағат 23:30

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіру көлемін ұлғайта бермек


Бүгін, 1 қыркүйекте ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті.

Отырыста Қазақстан атынан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұрлан Ноғаев кездесуге қатысушыларға жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, қабылданған шаралар әлемдік мұнай нарықтарына жағымды әсер ететінін атап өтті. Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында өз міндеттемелерін орындау бойынша жұмыстарын жалғастырады.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін келісімге қатысушылар тәулігіне 5,8 млн. баррель шектеулерді алып тастағанға дейін ай сайын 400 мың баррельге ұжымдық ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін квота қыркүйекте тәулігіне 1,508 млн. баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артатын болады.