04 қар, 2021 сағат 23:37

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіру көлемін арттырады


Бүгін, 4 қарашада ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты. 

Жиында қыркүйек айында Келісім тараптарының міндеттемелерді орындау мәселесі талқыланды. Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі қыркүйекте 115%-ды құрады. 

Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.