30 қар, 2021 сағат 10:28

Қазақстан Мысырмен әуе қатынасын тоқтатады



Қазақстан 3 желтоқсаннан бастап Мысырмен әуе қатынасын тоқтатады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бельгияда Мысырдан келген адамнан «Омикрон» штаммының коронавирус инфекциясы жағдайының анықталғанын және Мысырдан келетін жолаушылар санын ескере отырып, Мысырмен әуе қатынасын тоқтатыла тұрады», - деді бірінші вице-министр. 

Сонымен қатар Марат Шоранов Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген короновирус инфекциясы штамдарын секвенерлеу зерттеу жұмыстары жалғасатындығын атап өтті.