22 жел, 2021 сағат 17:20

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе рейстері қайта жанданады


30 желтоқсаннан бастап "SCAT" әуе компаниясы аптасына бір рет, бейсенбі күндері  Б–757 әуе кемесімен Алматы-Фукуок бағытындағы рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Әуе қатынасын қалпына келтіруге Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 14 желтоқсандағы шешіміне сәйкес рұқсат етілді.

Рейстер санын арттыру мәселесі эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты қабылданады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.