Фото:elements.envato.com
Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова Қытайға шығу мен кіруге шектеу енгізу жоспарда жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
Бас санитария дәрігерінің айтуынша, коронавирустың "Омикрон" штамы және оның әртүрлі түрі бүкіл әлемде таралған.
"Алаңдаушылық тудыратын жаңа штамдар жоқ. Онда біздің елде таралған бүкіл әлемдегі дүние болса, кіруге және шығуға карантин шектеулерін енгізудің не қажеті бар деген сұрақ туындайды. Вакцинация, ревакцинация процесі ұжымдық иммунитет деңгейін сақтайтынын есте ұстаған жөн. Сонымен қатар, бұл - ауруға қарсы қорғаныс.
Бүкіл әлемде кіруге және шығуға шектеулер алып тасталды, соның ішінде Қазақстан да. Бұл Қытайға да қатысты. Бізде бар мәлімет бойынша, Қытайда дәл сол "Омикрон" таралған. Әлемнің кез келген еліне, соның ішінде Қытайға кіруге немесе одан шығуға ешқандай шектеу қоюға негіз жоқ", - деді Есмағамбетова "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.