21 жел, 2016 сағат 14:35

Қазақстан - Қытай шекарасында жарты тоннаға жуық дәрі-дәрмек тәркіленді

Қазақстан - Қытай шекарасында қазақстандық шекарашылар жарты тоннаға жуық дәрі-дәрмектерді заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті. Бұл туралы  ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды салмағы 490 килограмм болатын, Қытай елінде шығарылған дәрі-дәрмектерді ілестірме құжаттарынсыз алып өтуге тырысқан жерінен 26 жастағы қазақстандық азаматты ұстауға мәжбүр болды.

Ұсталған азамат Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық сауда орталығынан Қазақстан жаққа қарай келе жатыр екен.

Аталған дерек бойынша «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлері хабарландырылды.