23 қаз, 2021 сағат 08:53

Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді

көрнекі сурет

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері деңгейінде Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімге қол қойылады. Қазақстан тарапы қаулы әзірледі, - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы құжат Қазақстанның Қырғызстанға әскери мүлікті бір жолғы беруі үшін құқықтық негіз ретінде әзірленді.

"Келісімді іске асыру Қырғыз Республикасы қарулы күштерінің өңірлік қауіпсіздікке төнетін қатерлерге тойтарыс беру жөніндегі мүмкіндіктерін күшейтуге ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Құжаттың толық мәтінін 5 қарашаға дейін мына сілтеме арқылы оқуға болады.