14 жел, 2021 сағат 00:51

Қазақстан коронадағдарысты қалай еңсеріп жатыр – Сума Чакрабартидің жауабы


ҚР Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти «Ұлт мүддесі» бағдарламасында коронадағдарысты Қазақстан экономикасы қаншалықты жылдам еңсеріп жатқаны туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы екі жыл жаһан экономикасы үшін, соның ішінде Орталық Азия өңірі мен Қазақстан үшін өте қиын болды. Біз экономиканың дамуы 2020 жылы 3,5% баяулағанын білеміз. Көптеген жұмыс орындары жабылып қалды. Адамдар жұмысынан айрылып, оның кері салдары бірден білінді. Денсаулық сақтау және білім беру салаларына тиігізген әсері айтпаса да түсінікті. Осының бәрі мені қатты алаңдатады. Өйткені бүкіл бір буынды жоғалтып алуымыз мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше қашықтан оқытуды азайту керек. Туризм, қонақ үй бизнесі де қатты зардап шекті. Тауарлар мен қызметтерді жеткізудің жаһандық тізбегі жергілікті аумақпен шектелді», - деген сарапшы Халықаралық валюта қоры Орталық Азияның экономикалық рейтингтегі мүмкіндіктерін оң балағалағанын еске салды.

«Мысалы, былтыр өсім 3,3% болды. Қазақстанның Ұлттық экономика министрі бұл пессимистік болжам деп есептейді. Ол табыс 3,6% болады деп отыр. Әрине, шағын және орта бизнестің басындағы қиындықтар сейіле қойған жоқ. Қазір біз оларға қалай көмектесуге болатынын ойластырып жатырмыз. Қазір инвестиция нарығында өтімділік пен төлем қабілетінің дағдарысы болып жатыр. Еуропа қайта құру және даму банкі, Халықаралық Валюта Қоры, Азия даму банкі Орталық Азиядағы белсенділігін қалпына келтіре бастайды», - Сэр Сума Чакрабарти.

Дегенмен, Президент кеңесшісінің айтуынша, Пандемиядан туындаған дағдарыстың кезекті толқыны болуы мүмкін.

«Пандемия тағы да ушығуы мүмкін. Аурудың түрленіп жатқанын көріп отырсыздар. Бұл жыл сайын вакциналардың құрамын өзгертіп отыру керек. Меніңше, Қазақстан халықты иммундау ойынша ауқымды жұмыс атқарды. Вакцинация қарқынын арттыруды жалғастыру керек. Екпенің қажеттігін әрі қарай насихаттай берген жөн. Менің білуімше, көп ұзамай QazVac-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуге алады. Бұл сіздердегі ұлттық ғылымның әлеуетін көрсететін фактор», - деді Сэр Сума Чакабарти.