28 шіл, 2022 сағат 18:21

Қазақстан көкөністер мен жемістер бағасының өсімі жөнінен ЕАЭО-да көш бастады


Қазақстан маусым айында Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) өсімдік шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі бойынша көшбасшы болды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

"Еуразиялық экономикалық одақта ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бағасы 2022 жылғы маусымда мамырмен салыстырғанда 1,4%-ға төмендеді және 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3%-ға өсті. Желтоқсанмен салыстырғанда өсімдік шаруашылығы өнімдері бағасының ең көп өсімі Қазақстанда (9,3%-ға) және Қырғызстанда (8,7%-ға) тіркелді, ал  Арменияда, керісінше, (10,4%-ға) төмендеген", - делінген хабарламада.

Осы кезеңде мал шаруашылығы өнімдері бағасының ең көп өсуі Беларусьте (11%-ға) және Арменияда (9,6%-ға) байқалды, ал Қырғызстанда (2,6%-ға) төмендеді.