Қазақстан құрамасы (U-20) хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионаты-2022-нің бірінші дивизионында үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
А тобындағы үшінші ойында Қазақстан Данияны 4:1 есебімен жеңді.
32-минутта Константин Морожников ел құрамасын алға шығарды, 34-те ол дубль жасады. Алайда даттықтар бірден бір шайбаның есесін қайтарды, мергендік көрсеткен – Лукас Банг.
Көп ұзамай қазақстандықтар тағы бір шайба соғып, басымдығын қайтара алды: 45-минутта Руслан Оспановтың соққысы нәтижелі болды. Ал ойын нүктесін 60-минутта Николай Шульга қойды.
Осылайша, Қазақстанның жастар құрамасы турнир аясындағы екі матчта жеңіске жетті: бұған дейін олар Мажарстанды (3:1) жеңді. Одан кейін Норвегияға ірі есеппен есе жіберіп алды (2:5).
16 желтоқсанда Қазақстан Беларусьпен ойнайды, 18 желтоқсанда – Латвиямен.