«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметшілері және Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне көмек ретінде материалдық төлем төлей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның ішінде қаза тапқан 19 қызметкер мен ауыр жарақат алған 106 адамның отбасы мүшелері бар.
Төлемдер жоғарыда аталған мемлекеттік органдардан алынған ресми тізім негізінде жүзеге асырылады.
Бұл санаттағы жәбірленушілерге арналған төлемнің жалпы сомасы - 451 миллион теңге.
Еске салайық, бұған дейін Қамқоршылық кеңес қор басқармасына қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметкерлердің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне белгіленген сомаларды төлеуді тапсырған болатын. Сондай-ақ, кеңеске адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қорға ұсынған тізімдерінен кездейсоқ зардап шеккен азаматтардың өлімінің мән-жайын құзырлы органдармен бірлесіп пысықтау тапсырылды.
Қор уәкілетті мемлекеттік органдардан тиісті ресми мәліметтер алғаннан кейін осы санаттағы қаза болғандардың туыстарына төлемдерді жүргізуді бастайды.