24 сәу, 2023 сағат 11:18

Қазақстан халқы Ассамблеясында ауыс-түйістер болды

коллаж: Tengrinews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясында ауыс-түйістер болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ҚХА төрағасының орынбасары қызметін атқарған Тауфик Акрамович Каримов және Наталья Григорьевна Дементьева қызметінен босатылды.

Олардың орнына Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дяк келді.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.