19 нау, 2021 сағат 10:00

Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлікті қолдайды

Құрылғанына 25 жыл болған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің мәдениетін қана емес, еліміздің экономикасына үлес қосатын кез келген игі істі қолдауға әзір. Оның бірден бір дәлелі Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер Қауымдастығы Amway қайырымдылық қоры мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы» қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстандағы «Кәсіпкер-ана» бағдарламасының ұйымдастырып отыр, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Жоғарыда аталған қауымдастықтардың бірігуімен жуырда Қазақстанда «Кәсіпкер – ана» әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау мақсатымен ұйымдастырылған білім беру бағдарламасының пилоттық маусымының финалы өтті. Бұл туралы ұйымдастырушылардың бірі Анна Сошинская былай дейді:

«Бірінші маусымға қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары, көп балалы және асырап алушы аналар шақырылды. Қатысу үшін осы категорияларға кіретін кәмелетке толмаған балалардың аналары өздерінің бизнес-идеяларын сипаттауы керек еді. Бағдарламаға қатысуға барлығы 521 өтінім келіп түсті, конкурс бір орынға 20 адамды құрады. Өтініш берушілердің идеялары көбінде тігін және тамақ өндірісі, ересектер мен балаларға қосымша білім беру саласындағы жобаларды құрады», - дейді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тренинг онлайн форматта ұйымдастырылып, бұл ірі қалалардың тұрғындарына ғана емес, шалғай елді мекендерде тұратын аналарға да тегін оқудан өтуге мүмкіндік берген. Белгілі болғанындай, он төрт күн бойы қатысушылар өнімді құру және маркетинг негіздерін, қаржылық және салықтық сауаттылықтың нюанстарын зерттеп, жеке бизнес-жоспар құру бойынша жұмыс жасады және аймақтың бизнес-сарапшыларынан жобаларды таныстыру дағдыларын үйренген.

«Жеңімпазды таңдау оңай болған жоқ. Финалға өте өршіл және перспективалы бизнес-жобалар шықты:  жеуге жарамды гүл шоқтарын, Крафт ірімшігін, трикотаж киімдерін, торттарды және әлеуметтік тақырыптарға подкасттарды өндіру, шағын кондитерлік дүкендер, қазақ тілді халықты ағылшын тіліне оқытуға арналған сайт, шетелдіктерді орыс тіліне онлайн оқыту және тағы басқалар. Соның ішінде Мектеп жасына дейінгі және денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған фетр мен матадан жасалған әдістемелік құралдарды өндіру жобасы үздік деп танылды» дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі.

«Бұл идеяны мен көптен бері ойлап жүрдім. Өзім дефектологпын, Алматы қаласының сөйлеу түзету орталығындағы мишық стимуляциясы бойынша маманмын. Ұсақ моториканы дамытуға және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін арнайы құралдардың қаншалықты қажет екенін басқалардан артық білемін. Соңғы бірнеше жыл ішінде мен барлық дүкендер мен интернет - сайттардан қажетті құралдарды іздедім. Тиісті құралдарды таппай, 1,5 жастан асқан балаларға көмектесетін өз өнімімді жасау идеясы пайда болды. Әріптестерім «Кәсіпкер-ана» жобасы туралы айтты, өтінімімді тіркедім. Жобаның арқасында қолмен жасаған құралдарымды енді оны қажет ететін барлық балалар жететіндей мөлшерде шығаруға мүмкіндік алдым. Жеңісіме өте қуаныштымын. Алған білімім мен грант маған осы идеяны іске асыруға көмектесетіні сөзсіз. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», - деді Кәсіпкер-ана» бағдарламасының пилоттық маусымына  «Алақай» жобасымен қатысып, жеңімпаз атанған Айнұр Джерембаева.

Жеңімпаз кәсіпкер Amway «В ответе за будущее» қайырымдылық қорынан 500 000 теңге көлемінде өз жобасын іске асыруға грантты иеленді.

«Кәсіпкер – ана» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі білім беру бағдарламасы кәмелетке толмаған балалар мен декреттік демалыстағы аналарға арналған. Оларға өз бизнесін бастап отбасына қамқорлық көрсету мен кәсіби тұлғалық дамуды қатар алып жүруді үйренуге көмектеседі. Бағдарламаның Ресейде 8 жылдық тарихы бар және бүгінгі таңда ол Ресей Федерациясының 69 аймағында жүзеге асырылуда.

«Бізге дәстүрлі форматқа кейбір өзгерістер енгізуге тура келді - біз бағдарламаны алғаш рет онлайн форматта өткіздік, шетелдік жаттықтырушыны шақырдық және шекарамызды кеңейтіп, республиканың барлық аймақтарынан өтініштер қабылдадық. Алғашқы күндерден ақ біз қазақстандық аналардың белсенділігін, олардың оқуға ашықтығын және алға қойған мақсатты іске асыруға деген ұмтылысын көрдік. Әрине, бұл бізді қатты қуантты», - деді Анна Сошинская.

Естеріңізге сала кетейік, Құрылғанына 25 жыл болған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің мәдениетін қана емес, еліміздің экономикасына үлес қосатын кез келген игі істі қолдауға әзір. Оның бірден бір дәлелі Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер Қауымдастығы Amway қайырымдылық қоры мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы» қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстандағы «Кәсіпкер-ана» бағдарламасының ұйымдастырып отыр.