01 нау, 2022 сағат 22:10

Қазақстан қажет болған жағдайда өз жәрдемін көрсетуге дайын - Тоқаев Украинадағы ахуал жайында


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина мен Ресей арасындағы шиеленіске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жақсы жанжалдан жаман бітім артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды. Қазақстан қажет болған жағдайда өз жәрдемін көрсетуге дайын. Украинадағы ахуалға қатысты біз екі елді де диалогқа қол жеткізу үшін бүкіл күш-жігерді жұмсауға және бейбіт реттеу ісін бастауға шақырамыз. Басқа жолы жоқ», - деп жазды Қазақстан Президенті Twitter парақшасында.

Айта кетейік, бүгін билік партиясының кезектен тыс съезінде Мемлекет басшысы Украина мен Ресей арасындағы шиеленіске қатысты Қазақстанның ұстанымын білдіріп, қажет болған жағдайда еліміз барлық көмегін көрсетіп, тіпті арағайындық жасауға да дайын екенін айтқан болатын. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарыда аталған екі елдің теке-тіресі салдарынан туындайтын сын-тегеуіріндерді тойтаруға экономикамыздың дайын болуы тиістігін де ескерткен еді.