Фото: azattyq.org
Жақын арада қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы Германияға жөнелтілуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.
Оның сөзінше, 20 мың тонна мұнай "Дружба" құбыры арқылы жөнелтілмек.
"Кеше процедуралар аяқталып, қорытынды жасалды. Бүгін басталатынына қатты үміттенемін. Бұл енді компанияның, жүк жөнелтушілердің ішкі келісімшарттық стратегиясы ғой. Бәрі аяқталғандықтан, бүгін мұнай жөнелту басталады деп ойлаймын", - деді Ақшолақов Үкімет кулуарында.
Қазақстан мұнайдың алғашқы партиясын Германияға қаңтар айының басында жөнелтуді жоспарлаған болатын. Кейін бұл жұмыс ақпанның бірінші жартысына шегерілді.