Еліміздің шетелдегі елшіліктері ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің күзетіне алынуы мүмкін. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында «Қарсы барлау қызметі туралы» заң жобасын талқылаудан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Елшілік ресми түрде тек Ауғанстанда ғана (ҚР ҰҚК Шекара қызметі) күзетіледі. Жақында болған теракт (Түркиядағы) тиісті шараны қабылдау қажет екенін байқатып отыр»,-деді ол тілшілер сауалына жап беру кезінде. Осы ретте ол шетелде дипломатиялық өкілдікті күзетке алу туралы мәселе оңайлықпен шешілмейтінін түсіндірді. «Қауіптілік деңгейіне қарай еліміздің басқа елшіліктерінде күзетпен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Әзірге, Түркияда осындай күзет жайында алдын ала айта алмайтын, дегенмен де бұл мәселені қарастырамыз», - деді Қалқабаев.