23 нау, 2022 сағат 18:55

Қазақстан елшілігі Украинадан Польшаға тағы 7 адамды жіберді

Фото: Қазақстанның Украинадағы елшілігі

Қазақстан елшілігі Украинадан Польшаға тағы 7 адамды жібердіі. Бұл туралы елшіліктің Telegram-каналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"2022 жылдың 23 наурызында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Львовтан Катовицеге (Польша) жеті адам, оның ішінде 12 және 4 жастағы балалар, сондай-ақ екі мысық пен бір итке ұшуды ұйымдастырды", - делінген ақпаратта.

Еске салайық, 25 наурызда Катовице қаласынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялайтын гуманитарлық ұшақ ұшады деп жоспарланған.