Қазақстан электр энергетикасы саласындағы зиянды шығарындыларды 60-70 пайызға төмендетеді. Бұл туралы ІІІ Көмір өнеркәсібі форумында Экология министрлігі климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры Олжас Ағабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалпы, еліміздің көмірге тәуелділігі жоғары екенін ескерсек, энергия ауыстыру - біз үшін үлкен сын-тегеурін болмақ. Дегенмен, әлемдік трендтерді, әлемнің үлкен жаңалықтар ашылуы алдында тұрғанын көріп отырмыз. Даму болашағын да байқаймыз. Бірақ, экология, ауа райы мәселелеріне байланысты өзгеріс болады. Сондықтан жаңа стансалардың құрылысын қарастырған кезде оның қандай отынмен жұмыс істейтінін дұрыс таңдау өте маңызды», - деді Тұрар Жолмағамбетов.
Осы ретте департамент директоры Экология министрлігінің Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, көміртегі бейтараптығы стратегиясын пысықтап жатқанын атап өтті.
«Орта есеппен алғанда елімізде шамамен 2,5 млн тонна зиянды заттар шығарылады. Оның 900 мың тоннасы электр және жылу энергетикасы салаларына тиесілі. Осылайша, атмосфера ауасына теріс әсердің шамамен 30-40 пайызы - электр энергетикасы саласының үлесінде. Біздің бағалауымызша, осынау 900 мың тонна зиянды шығарындыны 60-70 пайызға төмендетуге болады. Бұл - алдымызға қойып отырған биік мақсат», - деді комитет төрағасының орынбасары.