Биыл Қазақстан экспорты 72,2 млрд АҚШ долларына дейін өседі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 72,2 млрд АҚШ долларына дейін өсуде. Импорт 40,2 млрд АҚШ долларды құрайды. Инфляция 8-10 пайыз дәлізде анықталды. Түзетілген макроэкономикалық болжамның негізінде бюджет кірістері бойынша болжам нақтыланды. Республикалық бюджеттің кірістері 2022 жылы 10,2 трлн теңге көлемінде бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 955 млрд теңгеге жоғары. Кірістердің негізгі ұлғаю мұнайға болжамды бағаның өсуі және АҚШ долларына теңге бағамының өзгеруі аясында баж мөлшерлемесінің артуы есебінен мұнайға экспорттық кедендік баж, сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі есебінен корпоративтік табыс салығы бойынша күтілуде», - деді Әлібек Қуантыров.
Оның айтуынша, Президент қойған міндеттерді іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылға бекітілген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 1,6 трлн теңгеге ұлғайтып, 4 трлн теңгеге дейін түзету ұсынылады.
«Қордағы азайтылмайтын қалдық жалпы ішкі өнімге қатысты 31,9 пайыз деңгейінде немесе бекітілген болжамға 0,8 пайыздық тармаққа артық болжанады. Валюталық активтер 55,9 млрд АҚШ доллары деңгейінде бағалануда», - деді министр.