Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, 2024 жылы Қазақстанда темекі қымбаттайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Келісім 2024 жылдан бастап индикатив мөлшерлеме мен одан ауытқу диапазонын қолдануды қарастырады. Бірыңғай индикатив көрсеткіш және оның ауытқу диапазоны әр бес жыл сайын белгіленеді. 2024 жылы темекінің индикатив бағамы ұлттық валютада 1000 дана үшін 35 еуроға баламалы болып белгіленді.