Қазақстанның Еуразия экономикалық одағының елдерімен саудасы артты. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен қаңтар-наурыздағы өзара саудасы 5191,5 млн АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда номиналды мәнде 13,2% артты. Соның ішінде экспорт – 1532,3 млн доллар (16,8% көп), импорт 3659,2 млн доллар (11,8% көп) болды.
ҚР-дың ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде:
- Ресей Федерациясына – 92,9%;
- Қырғызстан Республикасына – 3,6%;
- Беларусь Республикасына – 3,4%;
- Армения Республикасына – 0,1% келеді.
Аталмыш елдерге Қазақстаннан экспортталады:
- минералды өнімдер – 37,8%;
- металдар және олардан жасалатын бұйымдар – 31,1%;
- химиялық өнім және олармен байланысты өнеркәсіп салалары – 11,3%;
- мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары – 10,4%;
- машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар – 6,9%;
- өзгелері – 1,6%.
Импорт:
- машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар – 24,9%;
- химиялық өнім және олармен байланысты өнеркәсіп салалары – 20,2%;
- мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары – 15,0%;
- металдар және олардан жасалатын бұйымдар – 14,9%;
- өзгелері – 13,9%.
- минералды өнімдер – 11,1%;