24 там, 2022 сағат 18:05

Қазақстан Дүниежүзілік банктен 345,7 млн еуро қарыз алды


Қазақстан Дүниежүзілік банкпен 345,7 млн еуро сомасындағы қарыз туралы келісімге ресми түрде қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Келісімге 24 тамызда қол қойылды. Жиынға  Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы өңірлік директоры Татьяна Проскурякова мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қатысты. Тараптар жеке сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Covid-19 пандемиясынан кейін Қазақстан экономикасының тұрақты қалпына келуін қамтамасыз ету үшін 345,7 млн еуро сомасындағы қарыз туралы келісімге ресми түрде қол қойды.

"Қарыз бағдарламасы бәсекелестікті дамыту саласындағы, мемлекеттік сатып алудағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі реформаларды қолдайды және алдағы уақытта экономиканы цифрландыру және қаржы секторын нығайту үшін неғұрлым тиімді жағдайлар жасауға ықпал ететін болады.

Үкіметтің қарыз бағдарламасы шеңберіндегі бастамалары энергия тиімділігін арттыруға, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және жеке инвестицияларды белсенді тарту арқылы жаңартылатын энергия көздерін кеңінен енгізуге ықпал етеді.

Мемлекеттік институттардың есептілігі мен ашықтығын арттыру Қазақстан халқын қолдау жөніндегі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру үшін бюджет ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған", – делінген хабарламада.