Фото:elements.envato.com
Мәжілісте Халықаралық қайта құру және даму банкінен 11,5 жылға 345,7 миллион еуро көлемінде несие алуды қарастыратын заң жобасы қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Заң жобасына сәйкес, несие "жеке сектор басқаратын даму саясатын қаржыландыруға және экономиканы тұрақты қалпына келтіруге" арналған.
"Осы келісім бойынша несие қаражаты республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру шаралары аясында әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға бағытталған шаралар кешенін қолдау үшін тартылады.
Қазақстанға Халықаралық қайта құру және даму банкінен 345,7 миллион еуро сомасында несие беріледі. Өтелу мерзімі 11 жыл 6 ай, оның ішінде 2,5 жыл жеңілдік кезеңімен", - деді депутат Марат Құсайынов Мәжіліс отырысында.
Депутаттар бұл ұсынысты қолдады. Енді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті заң жобасын зерделеп, қорытынды әзірлеуі керек.