Қазақстан 2021 жылдың алғашқы үш айында 2 мыңға жуық көлік экспорттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Экспорт бірінші тоқсанда 84%, 1 968 автомобильге дейін өсті. Қостанай өндірісінің «JAC» және «Chevrolet» автомобильдеріне маркалардың Ресей мен Өзбекстандағы дистрибьюторлары және дилерлері тапсырыс беріп келеді.
ЕАЭО нарығына шығу мүмкіндігі автоөндірушілерді оқшаулау үлесін арттыруға ынталандырады. Бұл – автоөнеркәсіпті дамытудың басым бағыттарының бірі», - деп мәлім етті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму миистрлігінен.