Әуе компанияларының кірістері екі есеге төмендеді. Негізгі қысқарту жолаушылар тасымалы болды. Жолаушылар бір жыл бұрынғыға қарағанда 38%-ға, жүк пен жол жүгі 19%-ға аз тасымалданды, деп хабарлайды Finprom.kz.
Қазан айының қорытындысы бойынша әуе компаниялары жүзеге асырған жолаушылар тасымалы қызметтерінің бағасы бір айда 2,4%-ға және бір жылда 8,5%-ға төмендеген.
Ел өңірлері арасындағы ең арзан баға жыл көлемінде елордада (өткен жылғы қазанға қарағанда 36,9%-ға), Алматыда (28,8%-ға) және Шымкентте (28,7%-ға) тіркелді.
Еліміздегі 17 өңірдің 4-уінде баға өскен: Батыс Қазақстан (бір жылда 34,4%-ға), Атырау (13,1%-ға), Қарағанды (11,6%-ға) және Қостанай (4,5%-ға) облыстары.
Қазақстанның көптеген өңірінде COVID-19 вирусын жұқтырушылар саны артты. Бір айда вирусты ең көп жұқтырғандар 2 қарашадағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалады.
Осыған байланысты Қазақстан мемлекеттік шекарада шектеу шараларын күшейтеді.
ВАК бірқатар шешімдер қабылдады: ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге және ҚР азаматтарының отбасы мүшелері саналатын шетелдіктерге ҚР мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен асырмай (бұрын – 30 тәулікте) кесіп өтуге рұқсат етіледі;
2021 жылғы 1 мамырға дейін 57 елдің азаматтары үшін визасыз режим тоқтатылады;
2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағаттық визасыз болуы тоқтатылады;
Түркиямен халықаралық әуе қатынасы аптасына 33-тен 20 рейске дейін қысқарады.
2020 жылдың қаңтар-қазан айларында еліміздің әуе компаниялары 4,4 миллион адамды тасымалдады – бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 38,2%-ға аз. Тиісінше қазан айында әуе тасымалдарын 621,5 мың жолаушы пайдаланды – бір ай бұрынғыға қарағанда 2,1%-ға артық. Алайда 2019 жылғы «коронавирусқа дейінгі» қазанмен салыстырғанда бірден 19,5%-ға аз.
Ағымдағы жылдың он айында жолаушылар айналымы жылына 2,1 есе қысқарып, 6,8 млрд жкм құрады. Қазан айында жолаушылар айналымы 917,2 млн жкм құрады – ағымдағы жылдың қыркүйегіне қарағанда 2,6%-ға және 2019 жылдың қазанына қарағанда 35,7%-ға аз. Жүк пен багаж әуе көлігімен 17,5 мың тонна тасымалданды – бір жыл бұрынғыға қарағанда 18,5% - ға аз.
Қазан айында әуе тасымалдары ағымдағы жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 16,7%-ға және өткен жылдың қазанымен салыстырғанда 17,2%-ға қысқарып, 2,1 мың тоннаны құрады. Жүк айналымы 42,7 млн ткм құрады – бір жыл бұрынғыға қарағанда 36%-ға аз. Қазан айында жүк айналымы бір айда 26,8%-ға және 2019 жылғы қазанмен салыстырғанда 53,5%-ға қысқарып, 3,6 млн ткм құрады. Әуе компаниялардың кірістері 154,2 млрд теңгені құрады – бір жыл бұрынғыға қарағанда ақшалай мәнде бірден 54%-ға аз. Табыстың 94,9%-ы жолаушылар тасымалына тиесілі: 146,4 млрд теңге, қысқару – жылына 2,2 есе. Тағы 5,1% жүк тасымалына келді: 7,9 млрд теңге, бір жыл ішіндегі өсім –11,8%.