Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстан астанасы атауы ресми түрде қашан өзгертілетіні туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Конституцияға өзгерістер енгізілді, енді Президент Астананы қайта атау туралы Жарлықты қабылдайды және осымен өзгерту ресми түрде аяқталады", - деді Мусин Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.
Нақты уақыты туралы сұраққа министр шешімді Мемлекет басшысы қабылдайтынын айтты.
"Мен айта алмаймын, шешімді Президент қабылдайды. Менің ойымша, Конституцияға түзетулер ресми күшіне енгеннен кейін, өзгеріс болады", - деп түсіндірді ол.
Мусиннің айтуынша, заңда астананың атын кейін өзгертуге кедергілер қарастырылмаған.
Бұған дейін Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын өзгертуге дауыс берген болатын. Елорда атауын Астана деп өзгерту "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.