27 мау, 2022 сағат 13:34

Қазақстан АЭС салуы мүмкін мердігерлер тізімін жасады

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда бірінші Атом электр станциясын (АЭС) салуға төрт мердігерден тізім жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, "Самұрық-Қазына" қоры ведомство және мүдделі ұйымдармен бұрын ұсынылған ұсыныстар негізінде алты әлемдік мердігер технологиясын қарады. Олар - америкалық NuScale Power, америка және жапондық GE-Hitachi, кореялық KHNP, қытайлық CNNC, ресейлік "Росатом" және Франциядағы EDF.

"NuScale Power және GE-Hitachi ұсынған аз қуатты реакторларды салу және пайдалану бойынша әлемдік тәжірибенің жоқтығын ескере отырып, бұл технология атом энергетикасын кейінгі дамытудың перспективалық бағыты ретінде қарастырылады. Қазақстандағы бірінші Атом электр станциясы үшін жұмыс тәжірибесі бар, тексерілген қуатты реакторлық технологиялары бар төрт жеткізушінің қысқаша тізімі жасалды", - деді ведомство өкілі.