28 мау, 2022 сағат 16:47

Қазақстан АЭС салуда Оңтүстік Корея тәжірибесін қарастырып жатыр


Қазақстан мен Оңтүстік Корея атом энергиясын дамыту саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

28 маусымда Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов бастаған қазақстандық делегация мен Оңтүстік Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ ядролық технологияларды жеткізуші – Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) компаниясы арасында кездесу өтті. 

Жиын барысында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мен KHNP арасында атом энергетикасын дамыту саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл меморандум Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы атом энергиясын дамыту саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді.


Айта кетейік, KHNP компаниясы - Оңтүстік Кореяның 24 АЭС-іне иелік ететін және басқаратын KEPCO еншілес ұйымы. АЭС қуаты бойынша KHNP әлемде 3-ші орында және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуден бастап, АЭС салу және пайдалануға беруге дейін станция конструкцияларын түрлендіру мен жетілдіру бойынша техникалық көмек көрсетеді. 

Қазіргі уақытта KHNP Біріккен Араб Әмірліктерінде APR-1400 реакторы бар Барак АЭС-нің 4 энергия блогын салу бойынша жобаны іске асырып жатыр. Оның екеуі 2020-2021 жылдары пайдалануға берілді.