Көкөністен қызанақ жемісінің қоңыр әжім вирусы табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан және Түркиядан тасымалданған жалпы салмағы 700 тоннадан асатын 50 шақты қызанақ партиясын анықтады.
Көкөністен қызанақтың қоңыр әжім вирусы (ToBRFV) анықталғандықтан Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салынды.
Айта кетейік, есепті кезеңде Комитет экспорттаушы елдерге өнімнің фитосанитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес келмейтіні туралы 297 нотификация жіберді.
Оның 53-і - қызанақтан қоңыр әжім вирусының анықталғаны туралы хабарлама.