Фото: globallookpress.com
Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясының шахтерлері мен қызметкерлері ереуілге шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақмыс» коропрациясы» ЖШС баспасөз қызметі мәліметінше, 14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйым қызметкерлері жұмыстың тоқтатылатынын мәлімдеген.
«Оқиға орнына «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура, жергілікті атқарушы билік өкілдері жиналды.
Қазіргі уақытта компания басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Аймақтық жедел штаб жұмыс жасауда», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі өкілдері «Қазақмыс» компаниялар тобы конструктивті диалогқа ашық деп сендірді.