31 нау, 2017 сағат 15:52

ҚазАгро Бишімбаевты директорлар кеңесі құрамынан босатты

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өзгерістерге сәйкес, Қуандық Бишімбаевтың директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның орнына Тимур Сүлейменов сайланды (ҚР Ұлттық экономика министрі)», - деп атап өтілген KASE сайтында жарияланған хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Бәйтерек ҰБХ» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы хабарлағандай, ол бір топ адаммен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алды деп айыпталуда.