Қазақстанда қала тұрғындары үшін тәуліктік су тұтыну нормасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл алғаш рет ілкі жоба ретінде ауыз суды есепке алу аспабы болған кезде бір адамға тәулігіне 140 литрге дейін ғана суды субсидиялау бойынша нормативтік шектеу белгіледік. Ауылдық жердегі әрбір тұрғынға суды субсидиялаймыз. Ауыл тұрғындарына судың текше метрі суды есепке алу аспабы болғанда, 30 теңгені, ал аспапсыз 40 теңгені құрайды. Кейде бізде судың нақты құны 3 мың теңгеге де жетіп жатады», - деді ол Мәжілістегі дөңгелек үстел барысында.
Оның атап өтуінше, ауылдың әр тұрғынына тәулігіне
«Қазіргі уақытта дәл осындай нормативтік шектеуді қала тұрғындары үшінде әзірлеп жатырмыз. Біз адамдарға суды үнемдеуді, бағалауды үйретуіміз керек. Аталған норма асыпкеткен жағдайда тұрғындар сумен жабдықтау қызметіне толық тариф төлейтін болады», - деді Қайырбек Өскенбаев.
