17 сәу, 2022 сағат 14:57

Қайрат Нұртас қазынаға бір жылда 200 теңге салық төлеген


«Қайрат Нұртас Production» компаниясы 2021 жылы қазынаға 200 теңге салық төлеген, - деп хабарлайды ulysmedia.kz uchet.kz-ке сілтеме жасай отырып.

"ҚАЙРАТ НҰРТАС PRODUCTION" ЖШС - 2012 жылы ашылған компания. Яғни 9 жыл 7 ай бойы жұмыс істеп жатыр. Салық төлеушілер дерегі топтастырылған порталда оның жетекшісі Айдарбекова Күлзира Үсенқызы деп көрсетілген. ЖШС кино, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды таратумен айналысатыны жазылған.

Скрин: uchet.kz

2018 жылы 3 млн теңгеге дейін салық төлеген компания, былтыр қазынаға тек 200 теңге аударған. Төрт жыл қатарынан млн-дап салық төлеген ЖШС-ның соңғы 3 жылда табысы күрт төмендесе керек. Бұған пандемия да әсер етуі мүмкін.