20 мау, 2022 сағат 20:02

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды


Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«17 маусым күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 3 айға дейін ұзартылды. Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 шілдесіне дейін. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін күдіктіні қамау мерзімі екі айға ұзартылған болатын.

Айта кетейік, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген еді.

Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде жарияланған. Кейін ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінгенін растады.