Талдықорғандағы қайғылы жол апатына кінәлі жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі 42 жастағы BMW 530 жүргізушісі орташа деңгейде мас күйде болғаны анықталды.
Құқық қорғау органдары ер адамды қамауға алып, сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Еске салайық, кеше, 11 қараша Талдықорғанда BMW 530, ВАЗ-2114 және Toyota Chaser көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан 4 жасар бала қаза тапты. Сондай-ақ екі ересек ер адам зардап шекті, олар түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.