ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өңірлердің инвестиция тарту көрсеткіштері туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Негізгі капиталға 10,6 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңірде инвестициялардың өскені байқалды. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Түркістан (66,7%) облысында және Шымкент қаласында (56,4%) байқалып отыр. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар – Батыс Қазақстан (-28,2%), Қызылорда (-26,7%), Атырау (-23,1%) және Қарағанды (-15,5%) облыстары», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялар көлемі артып жатыр. Олардың өсуі 17,3%-ті құрады.
«10 айда сыртқы сауда айналымы 70,5 млрд долларды құрады. Экспорт 39,2 млрд доллар, импорт – 31,3 млрд доллар болды. Осылайша, 7,9 млрд доллар деңгейінде сауда теңгерімінің оң сальдосы сақталды», - деді ҰЭМ басшысы.