25 қыр, 2022 сағат 13:07

Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары ұсталды


Биыл наурыз айында қызметінен босатылған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов тыңшылық жасады және мемлекеттік құпияны жариялады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің мәліметінше, ол үшінші елдердің пайдасына жұмыс істеген. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

М.Шайхутдиновтың өзі қамауға алынды.

Айта кетейік, жыл басында Марат Шайхутдиновтың қаңтар оқиғасына байланысты «мемлекетке сатқындық жасады» деген айыппен тұтқындалғаны жайлы дақпырт тараған еді. Алайда бұл деректің расталмағанын жазған болатынбыз.