Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунир араағайындығымен Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптады, деп хабарлайды Ult.kz.
Мемлекет басшысы аталған келісімнің жүзеге асуына Дональд Трамп бастаған халықаралық тараптардың, сондай-ақ Иран басшылығы мен әскери қақтығысқа қатысқан елдердің өзара түсіністігі мен ізгі ниеті ықпал еткенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, қол жеткізілген бітімгершілік келісім жаһандық тұрақтылықты нығайтуға, әлемдік сауданың дамуына және мемлекеттердің экономикалық өркендеуіне оң әсерін тигізуі тиіс.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бұл келісім ұзақ мерзімді сипатқа ие болып, өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деген үміт білдірді.
