Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының диқандарын толағай табысымен құттықтады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Құрметті Сыр бойы диқандары! Қызылорда облысы – ауыл шаруашылығын қарқынды дамытып, ел қазынасын еселеп отырған берекелі аймақ. Биыл осы өлке диқандарының күріш өндіруден рекордтық көрсеткішті жаңартып, мол өнім жинау соның дәлелі. Өңірдегі 87,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 60,3 центнерден өнім алынып, ел қамбасына 530 мың тоннадан астам ақ маржан күріш құйылды. Баршаңызды осындай толағай табыстарыңызбен шын жүректен құттықтаймын», - делінген Президенттің құттықтау хатында.