Журналистерге министрге барлық сұраққа стандартты түре жауап беретінін айтты.
"Бұл барлық сұрақтарға стандартты жауап, бірақ шын мәнінде, мұндай процедура бар және біз оны сақтамай қала алмаймыз. Тексеру шықты, біздің өкілдер, зертханалар өкілдері барды. Қазір бұл үлгілер сараптамадан өтіп жатыр. Нәтижесі шыққанда бұл мәселе бойынша толық мәлімет береміз", - деп уәде берді Брекешев.
Дегенмен министр бұған дейін журналистер қойған құстардың жаппай қырылуы туралы сұраққа да, жүздеген итбалықтардың өліміне қатысты сұраққа да дәл осындай уәде берген.
"Итбалықтарға қатысты жағдай мынадай: бүгін нәтижелер, тиісті мекемелердің қорытындысы шықты. "Қашаған" кен орнындағы тереңдету жұмыстарының өлім оқиғасына қатысы бар ма деген сұрақты қояр болсақ, мамандар бұл екі оқиғаның арасында ешқандай байланыс жоқ екенін айтады", - деді министр.
"Каспийде ауқымды экологиялық тексеру жүргізу үшін тағы кім өлуі керек", - деп сұрады журналист.
"Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір біз жалпы кешенді талдау жүргізу мақсатында ТШО және NCOC компанияларымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Каспий теңізі суларында және жағалау аймақтарында өз жұмысын жүргізетін компаниялардың антропогендік әсерін байқау үшін. Бұл жұмыс жақын арада басталады деп сенеміз. (...) Бұл жай ғана тексеру емес, ол қайраңда да, жағалауда да дамып жатқан мұнай-газ компанияларының қоршаған ортаға, соның ішінде Каспийге үлкен жалпы антропогендік әсерін зерттеу болады. Мұндай жоспарларымыз бар", - деп уәде берді Брекешев.
Журналист Серікқали Брекешевтің еңбек жолының басым бөлігі мұнай-газ компанияларының құрылымдарында өткенін айтты.
"Мен мұнай-газ компанияларымен байланысты мәселелерді көбінен жақсы білетін шығармын, сондықтан маған бұл қызметте жұмыс істеу оңайырақ", - деп сендірді экология министрі.