28 сәу, 2022 сағат 10:23

Каспий жағалауынан тағы ондаған итбалық өлі табылды


27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігіндегі жағалауында 94 итбалық өлі табылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Балық шаруашылығы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, ветеринарлық қызмет және жергілікті атқарушы орган өкілдері тексеріс жүргізіп жатыр.

Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін балық қорғау инспекторлары бірнеше итбалықты, теңіз суы мен топырақтан сынама алды.

Жануарлардың өлу себебін анықтау үшін жануарлардың ұшаларын зертханалық тексеруге алу мүмкіндігін инспекция қызметкерлері қарастыруда, өйткені олардың денелері ыдырап жатыр.

"Қазіргі уақытта өлген жануарларды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жағалаудағы зерттеу жұмыстары жалғасады, су мен топырақ сараптамасының нәтижелері дайын болғанда толық хабарланатын болады", - делінген хабарламада.

Балық шаруашылығы комитеті Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында соңғы бес жылда ең көп өлген итбалық саны 2017 жылы Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының маңында тіркелгенін, (247 өлексе) бірақ өлім себебін анықтау мүмкін болмағанын еске салды.

Осыған дейінгі тексерулер итбалықтардың белгілі бір бөлігі қолайсыз қысқы ауа райынан және әртүрлі аурулардан, сондай-ақ антропогендік факторларға, соның ішінде браконьерлік торларда өлуі мүмкін екенін көрсеткен. Оны қорғауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы қаулысымен Каспий итбалығы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер немесе жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізілген болатын.