27 сәу, 2023 сағат 15:57

Каспий теңізіне ірі көлемде дизель отыны төгілген

Фото: Маңғыстау облыстық экология департаменті

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданынан қарасты Аташ ауылының тұрғындары облыстық экология департаментіне арызданып, Каспий теңізінің бетінен мұнай дақтары байқалатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Lada.kz порталының жазуынша, экологтар зертханалық талдау үшін су сынамасын алды. Олар "КАНТА" моторлы кемесінен 300 литрдей дизель отыны теңізге төгілгенін анықтаған.

Тұрғындардың айтуынша, аталған оқиға «Батыс Мұнай Транс» ЖШС-не тиесілі кемеде болған.

«Қазіргі уақытта ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті.