Атырау облысында Каспий теңізінде жоғалып кеткен балықшыларды құтқарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«4 желтоқсан күні Исатай ауданында, Забурнье ауылынан 25 шақырым қашықтықта, Каспий теңізі жағалауынан шамамен 16 шақырым жерде 10 балықшының мұз үстінде қалғаны белгілі болды. Ауа райының қолайсыздығынан олар жағаға қайта алмаған. Іздеу-құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар, ТЖД қызметкерлері, полиция департаменті, ҰҚК ШҚ 2201 «г» әскери бөлімі қатысты. Жалпы 7 техника мен жеке құрамдағы 20 адам атсалысты. Кешке қарай балықшылар табылып, жағаға жеткізілді», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарылған балықшыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.