03 мам, 2022 сағат 15:39

Каспий құбыры консорциумы толық қуатында жұмыс істеп тұр - министр


Каспий құбыр желісі консорциумы толық көлемде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Каспий құбыр желісі консорциумындағы жұмыс жалғасып жатыр. Осы орайда, екі жылжымалы айлақ қондырғысы іске қосылған, яғни сәуір айының соңында жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл өз кезегінде мұнай құбырларының қуаттылығын 100 пайыз қамтамасыз етуге жеткілікті. Тағы бір апатты болған жылжымалы айлақ қондырғысы жөндеуде тұр. Атап айтқанда, бұл қондырғы осыған дейін жоспарлы жөндеуге тапсырылуы тиіс еді. Сондықтан ондағы жұмыстар жалғасады», - деді Ақшолақов. 

Министр Каспий құбыр желісі консорциумы толық көлемде жұмыс істеп тұрғанын нақтылады. Ол үшін жылжымалы айлақ қондырғысы мамыр айында толық жөндеуден өтетін болады.