19 сәу, 2022 сағат 13:03

Каспий құбыр желісіндегі апаттан Қазақстанға қанша шығын келді?


Каспий құбыр консорциумындағы апаттан келген шығын 100-150 млрд теңге көлемінде бағаланып отыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейн БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезеңде нақты санды екшім айта алмайды. Өйткені бәрі келген ақаудың қанша уақытта жойылатынына, санкциялар әрі қарай жалғаса ма, соған байланысты. Ал жалпы шығын 100-150 миллиард теңге шегінде бағаланып отыр. Егер ақау тезірек жойылса, шығын да сәйкесінше аз болады. 100-150 млрд теңге шегі дегенде Каспий құбыр консорциумы туралы ғана айтып тұрмын», - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумын қалпына келтіру жұмыстарының жағдайына байланысты сәуір айының соңына дейінгі жөндеу кезеңінде Қазақстанның жоғалған өндіріс көлемі шамамен тәулігіне 320 мың баррельді (1,3 млн тонна) құрауы мүмкін екені айтылған.